Accessibility links

Филиппиндегі коммунистердің партизандары бас көтере бастады


МАНИЛА: Бүгін Филиппиннің солтүстігінде коммунистердің партизандары сайлауда берілген дауыстарды есептеу барысын бақылап тұрған армия күзетіне тасадан шабуыл жасап, кемінде 7 жауынгер мен тағы бірнеше адам қаза тапты. Армия өкілінің хабарлауынша, солтүстіктегі Абра облысының Болиней қаласындағы әлгі шабуылды “Жаңа халық армиясы” іске асырғанға ұқсайды. Дүйсенбі күні ол облыста сайлау болып өтті. Флиппин астанасы – Маниладан 320 шақырымдай қашықтықта орналасқан Абраның қауіпсіздігін қорғауға армия мен полицияның қосымша күштері аттандырылды.
XS
SM
MD
LG