Accessibility links

Украина президенті мен премьер-министрі бүгін өзара келіссөз өткізуге тиіс


КИЕВ: Бейсенбі күні Украинаның Бас прокуроры Святослав Пискуннің қызметтен босатылуына байланысты саяси күштердің теке-тіресі әл жалғасуда. С.Пискун түні бойы Бас прокуратурадан шықпай қойды. Ғимаратта президент В.Ющенкоға бағынатын Мемлекеттік күзет қызметінің өкілдері де, үкімет пен парламенттегі коалицияны қолдайтын ішкі істер министрі Василь Цушконың милиция қызметкерлері де кезекшілік етті. Жоғарғы Рада мен премьер-министр В.Янукович В.Ющенконы бүкіл билікті өз қолына алды деп айыптады. Бүгін В.Ющенко мен В.Янукович кезекті келіссөзін өткізуге тиіс. Киевте биліктегі коалицияның да, оппозицияның да өкілдері митингі өткізбекші.
XS
SM
MD
LG