Accessibility links

Иран мен Пәкістан Ауған босқындарын еліне қайтаруда


Иран соңғы 6 аптаның ішінде шамамен 100 мың Ауған босқынын еліне қайтарды. Бұл туралы БҰҰ-ның босқындар жөніндегі агенттігі хабарлады. Теһран 2008 жылдың наурыз айына дейін 1 миллион ауғандықты еліне қайтармақшымыз деп отыр. Ал Ауғанстан болса олардың бәрін бірден орналастыруға мүмкіндігіміз жоқ дейді. Пәкістан да ауғандарды еліне қайтарып жатыр. Пәкістанның айтуынша, маусымның 15-не дейін босқындарға арналған 4 лагерь жабылады. Ол лагерлерде 220 мың ауған босқыны тұрады.
XS
SM
MD
LG