БАҒДАД: Ас-Самарра қаласындағы шийттердің “Алтын мешіт” деп аталатын Әл-Асқари мешітін жарып, оның 2 мұнарасын қиратқаннан кейін Ирақ үкіметі Бағдад пен Ас-Самарра қалаларына комендант тәртібін орнатты. Ресми билік кеше болған бұл қастандықты Ирақтың сүнниттері мен шийттерін бір-біріне қарсы айдап салу үшін “Әл-Қаида” ұйымы іске асырды деп күдіктенетінін мәлімдеді. Осыдан 15 ай бұрын әлгі мешіттің алтын мұнарасын қиратқан шабуыл сүнниттер мен шийттердің арасынан жанжал шығарып, мыңдаған халық қырылған болатын. Халықаралық қоғам Ас-Самарра қаласындағы соңғы қастандыққа наразылықтарын білдірді.
Жаңалықтар
Көз сала отырыңыз
-
Түркістан облысы
"Оқушы қызды жәбірлеген". Зағамбар ауылында не болды?
-
Шығыс Қазақстан облысы
Кеніш үстіндегі Зайсан ауданының ауылдары неге газбен қамтылмай қалды?