Accessibility links

Беларус пен Кубадағы жағдайды БҰҰ мұқият бақыламайтын болды


Біріккен Ұлттар Ұйымы Беларус пен Кубадағы адам құқықтарының жағдайын бұдан былай мұқият бақыламайтын болды. Шешім Женева қаласында ұйымның Адам құқықтары жөніндегі кеңесінде қабылданды. Арнайы бақылауды қажет ететін елдер тізімінен Беларус пен Куба шығарылатын болды. Беларусты тізімнен шығару қажет деген талапты негізінен Ресей айтты. Беларус пен Кубада адам құқықтары қатты бұзылады, әсіресе саяси құқықтар аяққа тапталады деп айтылып келеді.

AzattyqTV

XS
SM
MD
LG