Accessibility links

Гордон Браун – Британияның жаңа премьер-министрі


Лейбористік партияның лидері әрі Қаржы министрі болған Гордон Браун Елизавета патшайыммен кездескен соң Британияның жаңа премьер-министрі қызметіне кірісті. 56-жастағы Гордон Браун кабинеттегі негізгі министрлерді тағайындады. Сарапшылардың айтуынша, Британияның Ираққа араласуы мен Сауд Арабиясының қорғаныс саласына қатысты келісімдерге орай үкіметке қарсы айтылған айыптар Гордон Браунның жаңа қызметіндегі күрделі проблемаларға айналуы мүмкін.
XS
SM
MD
LG