Accessibility links

Солтүстік Кореяның қалған ядролық бағдарламасын жабуға арналған келіссөздер Бейжинде өтеді


Бүгін Бейжинде Солтүстік Кореяның қалған ядролық бағдарламасын жабу жоспарына арналған 2-күндік келіссөздер басталады. Пхеньян жақында мұнай өнімдерін алған соң өзінің негізгі Ионгбион реакторын жапқан болатын. Енді АҚШ, Қытай, Жапония, Ресей және екі Корея елінің ресмилері Пхеньянның ядролық қару жасау мүмкіндігін жою мәселесін талқылайды. 2005 жылы Солтүстік Корея өзінде ядролық қару-жарақтың бар екенін жариялаған болатын.
XS
SM
MD
LG