Accessibility links

Тәліптердің тұтқынындағы Оңтүстік Кореяның 23 азаматы бүгін кешке дейін тірі болады


КАБУЛ: Дүйсенбі күні Ауғанстанда тәліптер өздері тұтқында ұстап отырған оңтүстіккореялық 23 азаматтың тағдырына қатысты шарттың мерзімін тағы да 1 тәулікке – сейсенбінің кешіне дейін ұзартты. Экстремистер егер Оңтүстік Корея Ауғанстаннан өз әскерін шығармаса және ауған үкіметінің тұтқынында отырған тәліптер босатылмаса, әлгі кәріс азаматтарын өлтіреміз деп ескертті. Бір хабарға қарағанда, ауған армиясы Кабулдан оңтүстікке қарай орналасқан Газни провинциясында кісі ұрлаушыларды қоршап алды. Сонымен бірге дүйсенбі күні тәліптер өздері ұстап алып кеткен 1 неміс азаматы мен 4 ауғандықтың әлі тірі екендерін хабарлады.

AzattyqTV

29 наурыз

AzatNews 29.03.2017

Аудиоподкаст

XS
SM
MD
LG