Accessibility links

Тәліптер кореялықтарға қатысты келіссөз жалғаспайды дейді


Бүгін Талибандар кепілдіктегі кореялықтарға қатысты Ауған үкіметімен арадағы келіссөздер одан әрі жалғаспайды, енді әрекет етуге уақыт келді деп мәлімдеді. Өзін “Талибан” баспасөз-хатшысымын деп таныстырған Қари Мохаммад Юсуфтың айтуынша, қамаудағы тәліптердің тізімі үкіметке берілген, Талибан қозғалысы олардың азат етілуін талап етіп отыр. Егер Ауған үкіметі 22 Оңтүстік Корея азаматын босату мақсатында күш қолданатын болса, олардың өміріне қауіп төнеді, дейді Талибан баспасөз-хатшысы. Ал бүгін Оңтүстік Корея президентінің арнайы өкілі Ауғанстан президенті Хамид Қарзаймен кездесті. Баек Ионг Чуннің мәлімдеуінше, кепілдіктегі кореялықтарға қатысты Ауған үкіметінің кез келген ұстанымын Сеул құрметтейтін болады.

AzattyqTV

Вашингтонға әйелдер маршы

Әлем елдері үн қосқан шеру

XS
SM
MD
LG