Accessibility links

Ирақ премьер-министрі бүгін-ертең “дағдарыс саммитін” өткізеді


БАҒДАД: Ирақ премьер-министрі Нұри Әл-Мәлики елдегі саяси ахуалды талқылау үшін бүкіл Ирақ лидерлерін мәжіліске шақырды. Оның атап көрсетуінше, “дағдарыс саммиті” бүгін немесе сейсенбі күні өтуге тиіс. Оның барысында жік-жікке бөлінушілік кең қанат жайған Ирақтағы саяси ахуал сөз болмақшы. Жуырда сүнниттердің ең басты бірлестігі коалициялық үкіметтің құрамынан шығып кетті. Ирақтағы АҚШ армиясы тағы 5 жауынгерінің қаза болғанын хабарлады. Осылайша АҚШ әскерінің Ираққа басып кірген 2003-інші жылдан бері қарай қаза болған АҚШ жауынгерлерінің саны кем дегенде 3.690-ға жетті.
XS
SM
MD
LG