Хабарларға қарағанда, Косово полициясы ислам экстремистеріне қару тасымалдады деген күдікпен этникалық албанды қамауға алған. Францс пресс агентігінің хабарына қарағанда, Байрам Аслани сәрсенбі күні кешкісін оңтүстік Митровицадан ұсталды. Ресми өкілдердің хабарлауынша, Асслани Сербияның оңтүстігіндегі Сандзак аймағында исламшыл жауынгерлерге қару-жарақ тасымалдады деген күдікпен ұсталды. Өткен аптада серб прокурорлары терроризм және басқа да айыптар бойынша 15 радикалды исламисті жауапқа тартқан.
Жаңалықтар
Көз сала отырыңыз
-
Түркістан облысы
"Оқушы қызды жәбірлеген". Зағамбар ауылында не болды?