Accessibility links

Нью-Йорктегі саммитке 80 елдің басшылары мен ондаған мемлекеттің өкілдері қатысады


НЬЮ-ЙОРК: Бүгін БҰҰ-ының Нью-Йорктегі штаб-пәтерінде ғаламдық ауа райының құбылуына арналған саммит өтеді. Әлемдік форумға 80 мемлекеттің басшылары мен 10-даған елдің ресми өкілдері қатыспақшы. БҰҰ-ының Бас хатшысы Пан Ги-Мун өнеркәсібі дамыған ірі елдерден ауаға көмір қышқыл газдың жайылуын азайтуды талап ететінін мәлімдеді. Бұл саммит ғаламдық ауа райының жылынуы тақырыбы бойынша жаңа келісім-шарт талқыланатын Индонезиядағы форумның қарсаңында өтіп жатыр. Индонезиядағы басқосу желтоқсан айында өтуге тиіс.
XS
SM
MD
LG