Accessibility links

БҰҰ-ның өкілі Мяньмаға келді


Мяньмандағы әскери үкіметтің үш күн бойы шерушілерді күшпен басып тастауына қарамастан, көтерілісшілер Янгон қаласына тағы жиналды. Хабарларға қарағанда, қауіпсіздік күштері жүздеген адамды ұстап, ұрып-соғып қамауға әкеткен. Бүгін БҰҰ Мяньмаға елшісін жолдап, Ибрахим Гамбари билікті шерушілерге қарсы күш қолданбауға көндіріп көреді. 45 жыл ел басқарған әскери үкіметке қарсы Мяньмада өтіп жатқан көтеріліс барысында кемінде 9 адамның қаза болуы халықаралық алаңдаушылық тудырды. Будда монахтары әскери билікке қарсы шерулерге жетекші болып келеді.
XS
SM
MD
LG