Accessibility links

Ирақтағы 5,5 мыңдық ағылшын әскері жыл соңына қарай 4,5 мыңға қысқарады


БАҒДАД: Үстіміздегі жылдың соңына қарай Ұлыбританияның 1 мың жауынгері Ирақтан еліне оралады. Бүгін Бағдадта Ирақ премьер-министрі Нури Әл-Мәликимен өткізген келіссөзінен кейін британ премьері Г.Браун: “Жылдың соңына қарай 5,5 мың жауынгерді құрайтын британ әскері 4,5 мыңға дейін қысқарады және жыл соңында, Рождество мерекесіне қарай, біздің 1 мың жауынгеріміз Ұлыбританияға орала алады”, - деп мәлімдеді. Г.Браун атап көрсеткеніндей, келесі 2 айдың ішінде Әл-Басра облысы Ирақ күштерінің толық бақылауына өтуге тиіс. Британ әскері негізінен Әл-Басра қаласының түбіндегі әскери әуе базасында шоғырланған.
XS
SM
MD
LG