Accessibility links

АҚШ ұшағына қателесіп ядролық зымыран тиегендер жазаланады


АҚШ Әуе Күштерінің қолбасшылығы Америка Құрама Штаттарын 30 тамызда кесіп ұшқан бомбылаушы ұшаққа қателесіп ядролық қару тиеген қызметкерлер жазасын алады деп жариялады. Ядролық оқтұмсығы бар алты зымыранның тиеліп кеткеніне 70 шақты қызметкер айыпты деп табылды. Қате жасаған үш полковник пен бір подполковник басшылық қызметтерінен алынды. АҚШ Әуе Күштері қолбасшысының орынбасары, генерал-майор Ричард Ньютон мұндай жағдай орынсыз, бұл Америка Құрама Штаттарында ешқашан болмаған деп сипаттады.
XS
SM
MD
LG