Accessibility links

Қанат Саудабаев Уашингтонда Қазақстанның ЕҚЫҰ-на төрағалық ету ұсынысын алға тартып жүр


Бүгін Қазақстанның мемлекеттік хатшысы Қанат Саудабаев Уашингтонда АҚШ мемлекеттік хатшысы Кондолиза Райспен кездесті. Онда Қазақстанның 2009 жылы ЕҚЫҰ-на төрағалық ету ұсынысы туралы талқыланды. Өз кезегінде Кондолиза Райс ханым, Құрама Штаттар Қазақстанның аталмыш ұйымның табысты төрағасы болғанын қалайды деген. Осыған дейін АҚШ Қазақстан демократиялық талаптарды орындасын деп, ресми Астананың ұйымға төрағалық етуін қолдамай келген. Қазақстанның ұсынысы қарашаның 30-да, Мадридтегі ұйымның сыртқы істер министрлері кеңесінің мәжілісінде қаралатын болады.
XS
SM
MD
LG