Accessibility links

Қырғыз оппозициясы билікті сайлаудың нәтижесін бұрмалады деп айыптады


БІШКЕК: Қырғызстандағы кезектен тыс парламент сайлауының ресми нәтижесіне қарсы оппозициялық “Ата-мекен” партиясының үміткерлері аштық жариялады. Орталық сайлау комиссиясының бүгін жариялаған ресми нәтижесі бойынша, парламентке 3 партия ғана өтті, оның ішінде президент Қ.Бәкиевтің “Ақ жол” партиясы 71 депутаттық мандатқа, Социал-демократтар 11 мандатқа, ал коммунистер – 8 мандатқа ие болса, 8,5 пайыздай дауыс жинап, “Ақ жолдан” кейін екінші орын алған “Ата-мекен” партиясы 0,5 пайыз аймақтық межеден өте алмай, мандатсыз қалды. Оппозиция сайлау нәтижесі өрескел бұрмаланды деп есептейді.

AzattyqTV

XS
SM
MD
LG