Accessibility links

Грузия президенттігіне кандидатқа елден сырт жерде қала тұру ұсынылды


5 қаңтарда Грузияда болатын президенттік сайлаудағы оппозициялық үміткер, миллионер кәсіпкер Патаркатсишвилидің сайлау науқанының жетекшісі оның елге әзірге оралмай тұрғаны дұрыс, өйткені, бұл қамауға алынбас үшін қажет дейді. Кәсіпкер Грузия билігі өткен айдағы оппозиция шерулерін күш қолданумен таратып басқаннан бері сырт елде қашқында жүруге мәжбүр, билік оны мемлекеттік төңкеріс жасамақшы болды деп айыптаған еді. Президенттікке кандидаттың сенімді өкілі біз одан әзір Грузияға келме деп өтіндік, бірақ ол сайлау алды науқанын жүргіу үшін радио және телеарналарды пайдалана алады дейді. Адам хұқтары ұйымдары мен Халықаралық дағдарыс тобы Грузияны наразылық шеруіне шыққандарға күш қолданды деп айыптаған болатын.

AzattyqTV

XS
SM
MD
LG