Accessibility links

Бағдадтың солтүстігінде көлік бомбасының жарылысында кемінде 20 адам құрбан болды


Байжи қаласындағы бұл жарылыста тағы да 80-ге жуық кісі түрлі жарақат алған. Жараланғандардың арасында әйелдер мен балалар болған. Биліктің хабарлауынша, жанкешті жарылғыш зат толтырылған жүк машинасын Солтүстік мұнай компаниясының бақылау-өткізу бекетіне апарып соққан. Құтқарушылар қираған ғимараттар астынан әлі де зардап шеккендерді алып шығуда, құрбан болғандар саны өсе түсуі мүмкін. Бұдан бұрын 12 желтоқсан күні Амара қаласында орын алған үш бірдей жарылыста 40 адам қаза тауып, 125 кісі жараланған еді.

AzattyqTV

XS
SM
MD
LG