Пәкістанның екі негізгі оппозициялық партиясы Пәкістан Халық партиясының төрайымы Беназир Бхуттоға жасалған қастандықтан кейінгі аласапыранға қарамастан 8 қаңтарда парламент сайлауына қатысамыз деп мәлімдеді. Беназирдің жұбайы Асиф Әли Зардари кеше партияның тең-төрағасы боп тағайындалды, ол сайлауға қатысуымызды Беназир мақсат тұтқан еді дейді. Науаз Шәріп басқаратын екінші негізгі оппозициялық партия бойкотты тоқтатып, сайлау науқанына қатысамыз деді. Дегенмен, Пәкістанда парламент сайлауы қазіргі тұрақсыз жағдайда өте ме, жоқ па – ол жағы белгісіз. Мәселені бүгін сайлау комиссиясы анықтауға тиіс.
Жаңалықтар
Көз сала отырыңыз
-
Түркістан облысы
"Оқушы қызды жәбірлеген". Зағамбар ауылында не болды?
-
Шығыс Қазақстан облысы
Кеніш үстіндегі Зайсан ауданының ауылдары неге газбен қамтылмай қалды?