Accessibility links

НАТО басшысы Пентагонның сынын теріске шығарды


БРЮССЕЛЬ: НАТО-ның Бас хатшысы Яаап де Хооп Схеффер Еуропа елдері жауынгерлерінің терроризмге қарсы Ауғанстандағы соғыс қимылдарына нашар дайындалғаны туралы Пентагон басшысының сын пікірін теріске шығарды. Схеффердің сөзі бойынша, Ауғанстандағы НАТО күштерінің барлық жауынгері өздеріне жүктелген барлық міндетін ойдағыдай атқарып жатыр. Нидерландының қорғаныс министрлігі АҚШ-тың қорғаныс министрі Р.Гейтстің әлгі сын пікірі үшін Вашингтоннан түсініктеме беруін талап етпекші. АҚШ Ауғанстанға қосымша 3200 жауынгерлік қосымша әскерін жолдайды.
XS
SM
MD
LG