Accessibility links

Бүйрек саудасын ұйымдастырған дәрігер сотқа тартылды


Бүгін Нью Делидегі сотта жаппай адам бүйрегін сатуды ұйымдастырды деген үнді дәрігерінің ісі қаралды. Амит Кумар деген дәрігер Үндістандағы және Непалдағы жүздеген кедей адамды бүйректерін беруге мәжбүрлеген. Сөйтіп, олардың бүйрегін жедел трансплантация жасау керек болған бай клиенттерге сатқан. Кумар өткен аптада Канадаға қашып кетпек болып тұрғанда, Непалда қамауға алынды. Үндістан заңы бойынша, бүйрек тек қаны бір туыс адамдар арасында ғана алмастырылады.

AzattyqTV

XS
SM
MD
LG