Accessibility links

Газадағы 1.1 млн. халықтың аштықта отырғаны үшін Израиль өз кінәсін көрмейді


ЛОНДОН: Штаб-пәтерлері Ұлыбританияда орналасқан адамның құқын қорғайтын ұйымдар бүгін жариялаған мәлімдемесінде Палестинаның Газа аймағының оны 1967-нші жылы Израиль басып алған кезден кейінгі ең ауыр гуманитарлық жағдайға ұшырап отырғанын ескертті. 16 парақтан тұратын бұл мәлімдеге “Amnesty International” ұйымы бастаған адамның құқын қорғайтын халықаралық 8 ұйым қол қойды. Құжатта айтылғандай, 1 млн.-нан астам адам немесе Газа халқының шамамен 80 пайызы азық-түлікке мұқтаж болып отыр. 2006-ншы жылы 60 пайызы тапшылықта отырған болатын. Жұмыссыздардың қатары 40 пайызға тақады, жеке кәсіпкерлік саласында еңбек еткен 110 мың жұмысшының 70 пайызы жұмыстан айырылды. Израильдің қорғаныс министрлігі бұл жайтқа өзінің кінәсі жоқтығын мәлімдеп, Газаны билеп отырған “Хамас” тобын қаралады.

AzattyqTV

Қырғызстан

Саматтың арманы

XS
SM
MD
LG