Accessibility links

Ауғанстанға бөлінген қаржылай көмек демеуші-елдердің өздеріне қайтып жатыр


КАБУЛ: Халықаралық қайырымдылық көмек ұйымдары Одағының (Oxfam) мәлімдеуінше, Ауғанстанға шамамен 10 млрд. доллар мөлшерінде көмек көрсетуге берген уәдесін Батыс елдері әзірше орындалмай отыр. “Oxfam”-ның жаңа зерттеуіне сәйкес, Ауғанстандағы түрлі жобаны іске асыру үшін Батыстан келіп түскен барлық капиталдың 40 пайызға жуығы Батыстың мердігер компаниялары мен солардың қызметкерлеріне жалақы ретінде төлену арқылы демеуші-елдерге қайтып оралды. Осы зерттеудің ескертуінше, Ауғанстандағы саяси тұрақтылықтың жоқтығы бөлініп жатқан қаржылай көмекті тиімді пайдалануға бөгет жасап келеді.
XS
SM
MD
LG