Accessibility links

Әлемнің жетекші елдері Иранның ядролық бағдарламасын талқылады


Бүгін әлемнің ықпалды елдері Шанхайда кездесіп, Иранның даулы ядролық бағдарламасы туралы талқылап, кездесуде еш қарар қабылданбады. БҰҰ Қауіпсіздік Кеңесінің тұрақты бес мүше елі мен Германия, онда Иранның уран байытуын тоқтатуға көндіретін 2006 жылғы ынталандыру ұсынысына қосымша жеңілдіктер қосу керек пе, жоқ па деген мәселені талқылаған еді. Иран осыған дейін егер өзінің ядролық бағдарламасын тоқтатқан жағдайда, оған қайырым ретінде Техранға сауда және басқа да көмектер жасалады деген ұсыныстан бас тартқан. Иран сыртқы істер министрі Манучир Моттаки жексенбі күні, Иран өзінің ядролық бағдарламасына байланысты дағдарысты шешуге көмектесетін ұсыныстар жоспарлап жатыр деген.
XS
SM
MD
LG