Accessibility links

Грузия барлау ұшағының атып түсірілгені Ресей мен Грузия қатынастарын қиындатып жіберді


Мәселе ертең Біріккен Ұлттар Ұйымының Қауіпсіздік Кеңесінде талқыланбақ. Грузиядан бөлінуге бет алған Абхазия территориясында ұшып жүрген Грузия барлау аппараты жексенбі күні құлатылды. Грузия тарабы оны Ресей қырғи ұшағы атып түсірді дейді. Грузия президенті Михаил Саакашвили бұл Біріккен Ұлттар Ұйымының жарғысына қарсы үлкен әрекет, бұл барлық тұрғыда халықаралық агрессияны танытады деп, Ресей президенті Владимир Путин мұндай шабуылдарды тоқтатсын деп талап қылды. Ресей әскері оқиғаға қатысымыз жоқ дейді.
XS
SM
MD
LG