Accessibility links

Гаагадағы сот прокуроры Судан президентінің қамауға алынуын қалайды


Қылмыстық істер бойынша Гаагадағы халықаралық сотта Суданның Дарфур аймағындағы соғыс қылмыстарына қатысты бүгін жаңа дәлелдер жарияланды. Прокурор Луис Морено-Окампо адамзатқа қарсы геноцид жасады деген айыптар бойынша соттан Судан президенті Омар Әл-Баширді қамауға алу жөнінде бұйрық беруді сұрады. Судан үкіметі Дарфурда африкалық фермерлерге араб көшпелі жауынгерлері тарапынан жасалған шабуылға қатысы бар деп айыпталып отыр. 2003-ші жылдан бері Дарфурдағы қақтығыстан 200 мыңға жуық адам қаза тапты.

AzattyqTV

Вашингтонға әйелдер маршы

Әлем елдері үн қосқан шеру

XS
SM
MD
LG