Accessibility links

Иран атом мәселесінде екі түрлі саясат ұстанды деп АҚШ-ты айыптады


Иран Үндістанмен ядролық отын және технологияларды бөлісу туралы Вашингтонның келісімінен кейін АҚШ-ты екі түрлі саясат ұстанып отыр деп айыптады. Жұма күні Венада Халықаралық Атом қуаты агенттігі келісім үшін қажет Үндістанның ядролық орындарын тексеруді мақұлдауға шешім қабылдады. Үндістанның Ираннан ерекшелігі ядролық қару таратпау келісіміне қол қойған жоқ. Батыс елдері осы аптаның соңына дейін Теһранға барлық ядролық жұмыстарын тоқтатуға уақыт беріп, егер тоқтатпаса БҰҰ-ның тағы санкцияларын салатынын ескерткен.
XS
SM
MD
LG