Accessibility links

Райс Ираққа күтпеген сапармен барды


АҚШ мемлекеттік хатшысы Кондолиза Райс бүгін Бағдатта үкімет басшысы Нури әл-Малики және басқа да Ирақ ресмилерімен кездеспекші. Оның барысында АҚШ күштерінің Ирақтағы болашағы талқыланатын болады. Бұған орай келісімге келуге екі жақтың таяу қалғандығын Райс сапар алдында айтқан еді.
Жыл аяғында АҚШ күштерінің Ирақтағы БҰҰ белгілеген мандаты аяқталады. Содан кейінгі ұзақ мерзімге арналған қауіпсіздік келісімі жөнінде екі жақ бірнеше айлардан бері сөйлесуде.
XS
SM
MD
LG