Accessibility links

Израилде үкімет пен партия төрағасы ауысады


Израилдегі билік басында отырған “Қадима” партиясы бүгін саяси жетекшісі – премьер-мнистр Эхуд Ольмерттің мұрагерін сайлауға тиіс.
Партия басшылығына 2 үміткер – қазіргі сыртқы істер министрі Ципи Ливни мен бұрынғы қорғаныс министрі, қазіргі көлік министрі Шауль Мофаз таласады.
Дауыс беруге “Қадима” партиясының ресми тіркелген 74 мың мүшесі қатыса алады.
Эхуд Ольмерт болса, үкімет пен партия басшылығынан өзіне тағылған жемқорлық айыптарының салдарынан кетпекші.

AzattyqTV

Қырғызстан

Саматтың арманы

XS
SM
MD
LG