Accessibility links

Еуропа лидерлері төтенше кездесуге жиналды


Еуропа Одағы жетекші елдерінің басшылары әлем экономикасындағы келеңсіз құбылыстарға төтеп берудің жолдарын қарастыру үшін бүгін Парижде төтенше кездесу өткізіп жатыр. Франция президенті Николя Саркози Ұлыбритания мен Италия премьер-министрлерін, Германия канцлерін және Еуропаның Орталық банкі мен Еуропа валютасы аумағының төрағаларын қабылдады.
ЕуроОдақ басшылары Еуропаның қаржы жүйесін дағдарыстан шығару қадамдары бойынша ортақ пікірге келуге тырысады.
Одан бір күн бұрын АҚШ Конгресі елдің қаржы-банк саласын дағдарыстан шығаруға 700 млрд. доллар қаржы бөлу туралы заңды мақұлдады.
Еуропа Комиссиясының төрағасы Жозе Мануэль Баррозу үкіметтің дағдарысқа қарсы жоспарын мақұлдаған АҚШ конгресмендері “дұрыс істеді” деп мәлімдеді.
XS
SM
MD
LG