Accessibility links

Серб президенті Косовоның тәуелсіздігін мойындауға наразы


Сербия президенті Борис Тадич Македония мен Черногорияның Косово өлкесінің тәуелсіздігін мойындаған әрекетіне табанды наразылығын білдірді. Тадич бұл қадамды “үлкен қателік” деп бағалап, ондай әрекеттің Сербия мен оның көршілері арасындағы байланысты нығайтуға ықпал ете алмайтынын атап көрсетті.

Македония мен Черногорияның үкіметтері Косовоның тәуелсіздігін мойындайтынын бейсенбі күні жариялады. Бұл шешім екі елдің Еуропа Одағы мен НАТО-ға кіру мақсатында қабылданып отыр.

AzattyqTV

XS
SM
MD
LG