Accessibility links

Пәкістанда полиция бекетіне шабуыл жасалды


Пәкістанның солтүстік-батысындағы Суат жазығында орналасқан полиция бекетінде бір жанкешті өзін-өзі жарып жіберіп, 4 полиция қызметкерін өлтірді. Бұл жарылыстан сондай-ақ 29 адам жараланды. Қауіпсіздік ресмилерінің айтуынша, оның алдында бүлікшілер Мингора қаласындағы бұл полиция бекетін атқылаған. Жалпы тамыз айында Әл-Қаида мен Талибан жауынгерлеріне қарсы бағытталған операция басталысымен-ақ, Пәкістанда қауіпсіздік күштеріне шабуылдар көбейді.
XS
SM
MD
LG