Accessibility links

Қазақстан үкіметі дағдарысқа қарсы бағдарламасын жария етпек


Қазақстан үкіметі таяу күндерде экономиканы тұрақтандыру бағдарламасын жария етпек. Бұл туралы үкімет басшысы Кәрім Мәсімов үкіметте өткен селекторлық кеңес барысында мәлім етті.

«Үкіметтің 25 қарашада өтетін кеңесінде үкімет экономиканы тұрақтандыру бағдарламасын немесе дағдарысқа қарсы бағдарламаны толыққанды жария етуге дайын болады деп ойлаймын. Қазір Қазақстанның сыртқы мемлекеттік қарыздары ЖІӨ-нің 4% пайызын құрайды.

Банк жүйесінің қарыздары — 44 млрд доллар. 2009-2010 жылдары бұл қарыздың 12 млрд доллары қайтарылуы керек. Бірақ біз бұл мәселелерді шешеміз, ол аталған бағдарламаның жүйесінде қарастырылған. Сондай-ақ қазіргі уақытта ақшасы бар Қытай, Араб елдері мен Ресейден тікелей инвестициялар тартуымыз мүмкін» — деді Кәрім Мәсімов.

XS
SM
MD
LG