Accessibility links

Израиль Газадағы соғысын тоқтатпады


БҰҰ-ның Қауіпсіздік Кеңесі Газа аймағындағы соғысты дереу тоқтату туралы Қарар қабылдады. Хабарға қарағанда, Қауіпсіздік Кеңесіне мүше 15 елдің ішінен жалғыз АҚШ дауыс бермей қалыс қалды.
Алайда жұма күні Израиль армиясы Газадағы соғысын жалғастырды, ал ХАМАС ұйымы Израильдің оңтүстігін зымырандармен атқылауын доғармады.
Израиль өз жерін зымырандармен атқылауды тыю үшін Газаға басып кірген болатын. Соғыстың барысында 750-ден астам палестиналық азамат пен кем дегенде 13 Израиль азаматы мерт болды.
XS
SM
MD
LG