Accessibility links

Грузия АҚШ-тың жаңа пактісін НАТО-ға жақындаған қадам деп біледі


Грузия сыртқы істер министрі Құрама Штаттармен жасалған жаңа стратегиялық әріптестік келісімін оң қабылдап, оны Грузияның НАТО-ға мүшелігіне әкелуі мүмкін қадам деп бағалады. Министр Григол Вашадзе бұл туралы жұма күні Вашингтонда АҚШ мемлекеттік хатшысы Кондолиза Райспен аталмыш келісімге қол қою салтанаты кезінде айтты. Бұл Грузияның Ресеймен тамыз айындағы қақтығысынан кейін қол қойылған құжат - Құрама Штаттардың желтоқсан айында Украинамен жасаған келісімімен бірдей. Ресей НАТО-ның құрамына Грузия мен Украинаның қосылуына қарсы болып келеді.

AzattyqTV

Қырғызстан

Саматтың арманы

Аудиоподкаст

XS
SM
MD
LG