Accessibility links

Екі дүниежүзілік соғыстың ардагері көз жұмды


Ұлыбританияда 108 жасқа келген шағында екі бірдей дүниежүзілік соғысқа қатысқан ардагер Уильям Стоун дүниеден өтті. Ол туралы Би-Би-Си телекомпаниясы хабарлады.
Уильям Стоун – 1918 жылдың күзінде патшалық әскери теңіз күштерінің “Тайгер” соғыс кемесіне от жағушы болып қызметке алынып, ІІ-дүниежүзілік соғыс кезінде Дюнкерктен әскерді көшіру операциясына қатысты – француз жағалауынан британ аралдарына қарай 5 рет қатынады.
1943 жылы “Ньюфаундленд” соғыс кемесінен Сицилия аралына десант болып түсті. У.Стоун - Архангельск пен Мурманск қалаларына қару-жарақ пен басқа да жүк тасыған теңіз керуендеріне қатысқаны үшін совет медальдерімен де марапатталыпты.

AzattyqTV

Аудиоподкаст

XS
SM
MD
LG