Accessibility links

Зымырандық шабуылдан Пәкістанда 5 адам қаза болды


Пәкістан ресмилерінің айтуынша, жұма күнгі бұл шабуыл АҚШ-тың барлаушы ұшағынан жасалған болуы мүмкін. Пәкістан үкіметі мұндай шабуылдар үшін Құрама Штаттарға тұрақты түрде наразылығын білдіріп келеді. АҚШ әскерилері мұндай шабуылдарын сирек мойындайды. Өткен жылы Пәкістандағы күдікті деген қарулыларға қарсы Ауған жерінен осындай 30 шабуыл жасалған болатын.
XS
SM
MD
LG