Accessibility links

Италия православ шіркеуін Ресей иелігіне қайтарды


Бұл қадам Ресей елі мен Италияның және Православ шіркеуі мен Католик шіркеуі қарым-қатынастарын жақсартуға ұмтылыс белгісі болып отыр.

Ресей президенті Дмитрий Медведев шіркеуді қабылдау рәсіміне қатысу үшін Италияның Бари қаласына барды.

Әулие Николайдың аталған шіркеуі 20 ғасырдың бас кезінде салынған екен. Шіркеу негізінен Бариге жақын маңдағы Николай Мираның жатқан жеріне зиярат етіп барушылар үшін салынған болатын. Ол 4-ші ғасырда өмір сүрген әулие, дейді дін тарихын зерттеушілер.
XS
SM
MD
LG