Accessibility links

«Алма-Ата инфо» газетіне қарсы сот басталды


Бүгін Алматының Медеу аудандық сотында оппозициялық «Алма-Ата инфо» газеті мен оның штаттан тыс тілшісі Асхат Бименбетовке қарсы кәсіпкер Валерий Алефриенконың берген талап арызы бойынша сот басталды.

Талапкердің өкілі Петр Кутняков аталған газетте былтырғы жылдың қыркүйек айының 5-і күні орыс тілінде жарияланған журналист А.Бименбетовтың «Қаржы полициясы ауадан ақша жасауға көмектеседі» атты мақаласы В.Алефриенконың ар-ожданына тиетінін айтып, редакциядан аталған мақаланы жоққа шығаруды талап етіп, моральдық өтем ретінде газеттің меншік иесінен 100 млн теңге (шамамен 667 мың АҚШ доллары) көлемінде айып өндіріп беруді соттан сұрап отыр.

Осы сотқа газет редакциясы мен өз атынан жауапкер ретінде қатысқан Асхат Бименбетов азаматтық істі қарап отырған судьядан кәсіпкер В.Алефиренкода Ресей елінің азаматтығы бар-жоғын Ресей Федерациясының Сыртқы істер министрлігінен сұратуды және даулы мақаладағы сөйлем тіркестері адамның ар-ожданына тиетінін немесе тимейтінін анықтау үшін оған сот-филиологиялық сараптама жасатуды сұрап өтініш білдірді.

Оның бұл өтініштерін қабылдамай тастаған судья Венера Тохтарбаева сот ісінде наурыздың 16-сы күнгі сағат 11.30-ға дейін үзіліс жариялады.

AzattyqTV

27 наурыз

AzatNews

XS
SM
MD
LG