Accessibility links

Халықаралық Валюта қоры Арменияға 540 млн доллар несие бермекші


Халықаралық Валюта қорының басшысы өзінің Арменияға экономикалық дағдарыстан шығу үшін 540 млн доллар несие беруді қолдағанын айтты. Францияның ақпарат агенттігі Халықаралық Валюта қорының басқарушы директоры Доминик Штраус-Канн атқарушы кеңесті өзінің Арменияға несие беру ұсынысын мақұлдауға шақырғанын жазып отыр. Халықаралық Валюта қоры бұл ұсынысты осы аптаның соңында талқылайтын болады.
Соңғы күндері Арменияның ұлттық валютасы АҚШ долларына қарсы 30 пайызға құнсызданды.
XS
SM
MD
LG