Accessibility links

Испания Косоводан жауынгерлерін шығармақшы


Құрама Штаттар НАТО-ның бейбітшілік сақтау күштері құрамындағы жасағын Косоводан шығару туралы Испания елінің шешімін сынға алды. Испания үкіметі тамызға дейін Косоводан 600-ден аса испан жауынгерлерін шығаратыны жөніндегі шешімін бейсенбі күні жариялаған болатын. Олар Косовода тұрған 15 500-дей НАТО жасағының бір бөлігі болып табылады.

АҚШ Мемлекеттік департаментінің айтуынша, НАТО күштері 1999 жылы Сербияның Косоводағы әскери әрекеттерін тоқтатқаннан кейін, НАТО одақтастары Косовоға бірге еніп, бірге шығып кетуге келіскен еді.
XS
SM
MD
LG