Accessibility links

Тайландта төтенше жағдай жойылды


Тайланд билік орындары Паттайяда жарияланған төтенше жағдайды алып тастады. Ресмилердің айтуынша, наразылық танытушылардың әрекеттерінен кейін шетел жетекшілерінің барлығы Паттайя курортынан эвакуацияланған. Үкіметке қарсы жүздеген наразылық танытушылар Оңтүстік-шығыс Азия елдері қоғамдастығы мен Қытай, Жапония, Оңтүстік Корея, Үндістан, Австралия және Жаңа Зеландия елдерінің басқосуы өтпекші болған ғимаратқа шабуылдады. Сөйтіп олар аймақтық саммитке кедергі жасады. Нәтижесінде билік орындары екікүндік келіссөздерді кейінге қалдыруға мәжбүр болды.
XS
SM
MD
LG