Accessibility links

Пан Ги-мун Женевада Иран президентімен кездесті


БҰҰ бас хатшысы Пан Ги-мун дүйсенбі күні Женевадағы конференция барысында Иран президенті Махмуд Ахмадинежадпен кездесті. БҰҰ мәлімдемесіне сәйкес, екі жақ аймақтағы бейбітшілік пен қауіпсіздік, Ауғанстан, Ирақ пен Таяу Шығыс проблемаларын, сондай-ақ Иранның ядролық мәселесін талқылаған. Пан Ги-мун Ахмадинежадқа БҰҰ Бас ассамблеясы сионизм мен нәсілшілдікті теңдестіруді жою жөніндегі қарарды мақұлдады деп айтқан.
XS
SM
MD
LG