Accessibility links

Сочидегі әкім сайлауында заңсыздықтар байқалды


2014 жылғы Қысқы Олимпиада ойындары өтетін Ресейдің Сочиде қала әкімінің сайлауы өтіп жатыр. Оған 6 үміткер - әкімнің міндетін атқарушы, билік басындағы «Единая Россия» партиясының өкілі Анатолий Пахомов, қалалық компартия комитетінің көсемі Юрий Дзагания, оппозициялық саясаткер Борис Немцов және тағы басқалар бақ сынауда.
Сайлау барысында заңсыздықтарға жол берілгені туралы хабар бар. Оппозициялық үміткер Б.Немцовтың штабы мәлімдегендей, таңертеңнен бері оның бақылаушыларын дауыс беру учаскелеріне жібермеді. Сайлаушылардың кейбірі өздерін алдын-ала дауыс бергендердің тізімінен тапқандарын айтады.
Дауыс беруге қанша сайлаушы қатысса да, сайлау заңды саналады. Үміткер жеңіске жету үшін, барлық дауыстың жартысынан көбін алуға тиіс. Жеңімпаз анықталмаса, сайлаудың екінші туры өтеді.

AzattyqTV

XS
SM
MD
LG