Accessibility links

Ханс Форстрем: МАГАТЭ Қазақстанның ядролық отын банкін орналастыру ұсынысын қабылдауға дайын


Халықаралық атом энергиясы агенттігі (МАГАТЭ) Қазақстанның өз аумағында ядролық отын банкін орналастыру жөніндегі ұсынысын қабылдауға дайын. Бұл туралы халықаралық конференция барысында Халықаралық атом энергиясы агенттігінің (МАГАТЭ) ядролық отын циклі және қалдықтармен техникалық қарым-қатынас бөлімінің бастығы Ханс Форстрем мәлім етті, — деп хабарлайды «Қазақстан Бүгін».

«Халықаралық атом энергиясы агенттігі (МАГАТЭ) байытылған ядролық материалдың халықаралық банкін құру жобасын қарастыруда. Қазақстанда осы банкті орналастыру жөніндегі ұсыныс қарастырылып жатқанын естідік. Қазақстан Халықаралық атом энергиясы агенттігіне (МАГАТЭ) ресми өтініш жасаған жоқ. Бірақ біз осындай ұсыныс түссе, қабылдаймыз деп ойлаймын», — деді Х. Форстрем.

AzattyqTV

Аудиоподкаст

XS
SM
MD
LG