Accessibility links

Кувейт: 18 АҚШ жауынгері доңыз тұмауына ұшырады


Кувейттің денсаулық сақтау министрлігі елдегі АҚШ-тың әскери базасындағы 18 американ жауынгерінен доңыз тұмауының инфекциясы аңғарылғанын мәлімдеді.
Жексенбі күні министрліктің денсаулық сақтау директорының орынбасары Юсеф Мендкар атап көрсеткендей, АҚШ жауынгерлері жергілікті халықпен араласпаған қазір 18 жауынгер де Кувейт әмірлігінен елге оралған.
АҚШ елшілігі жауынгерлердің доңыз тұмауын жұқтырғанын білген, бірақ олардың тұмауды қайда жұқтырғанын хабарламағанын мойындады.
Қазір бүкіл әлемде доңыз тұмауын жұқтырған 12 мыңнан көп оқиға тіркеліп, 86 адам қаза тапты. Соңғы оқиғалар Қытай мен Аустралияда және Филиппенде тіркелді.
XS
SM
MD
LG