Accessibility links

Иран мешітке шабуыл жасады деп үш адамды дарға асты


Бүгін Иран бейсенбі күнгі мешітке жасалған шабуылға тікелей қатысы бар деген айыппен үш адамды дарға асып өлтірді. Систан-Белушистан аймағының астанасы Захедандағы мешітте болған жарылыстан 20-дан аса адам қаза тапқан болатын. Жарылысты жасаған үш адам сол мешіттің алдында дарға асылды.
Теһрандағы діни жетекшілер мен жергілікті ресмилер бұл шабуылға Құрама Штаттарды айыптаған еді, бірақ Вашингтон ол айтылғандарды қабылдамай, шабуылды айыптаған мәлімдеме таратты.

AzattyqTV

Аудиоподкаст

XS
SM
MD
LG