Accessibility links

Тянь-Шаньнің 2 мыңнан астам мұздығы еріп кеткен


Ғаламдық ауа-райының жылынуы нәтижесінде планетаның ірі тау массивтерінің бірі Тянь-Шань 8 200 мұздығының 2 мыңнан астамын жоғалтты, — деп хабарлады Қырғызстан қоршаған ортаны қорғау мен орман шаруашылығы жөніндегі мемлекеттік агенттігі директорының орынбасары Айтқұл Бұрханов.

«Таулы республика ғаламдық жылнуға байланысты тұщы су қорының едәуір азаюына тап болып отыр. Соңғы уақытта Тянь-Шаньдағы 8 200 мұздықтың 2 мыңнан астамы еріп кетті. Мұздықтар жылына 8 метр жылдамдықпен шегініп келеді», — деді ол.
XS
SM
MD
LG