Accessibility links

«Богатырь Көмір» компаниясының жұмысы тоқтатылды


Қазақстандық «Самұрық-Қазына» мемлекеттік холдингі мен ресейлік «РусАла» біріккен компаниясының басқаруындағы «Богатырь Көмір» көмір өндіруші компаниясы өз жұмысын бір айға тоқтатты, — деп хабарлады «ҚазТАГ».

Кәсіпорын жұмысының тоқтауына дағдарысқа қарсы шаралардың енгізілуі мен көмір нарығындағы сұраныстың күрт азаюы себеп болып отыр.

«1 наурыздан жылу маусымы басталғанша дейін «Северный» көмір кенішін консервациялау бағдарламасы қабылданды, өйткені оның жұмысының тиімділігі аздау. Сонымен бірге «Богатырь Көмір» біріккен кәсіпорнының да жұмысы маусым айында бір айға тоқтатылды. Компания көмірінің сатылу көлемі де жыл басынан бері 30 пайызға азайып, жылдық есеп бойынша 46 миллион тоннадан (2008 жыл қорытындысы бойынша) 34 миллион тоннаға дейін азайған.

Ал кәсіпорынның 7 мыңға жуық жұмысшысының көбісі өнеркәсіп нысандарын күзету, техниканы бақылау жұмыстарына тартылып, қалған қызметкерлер айлық жалақысының 50 пайыз көлеміндегі ақымен еңбек демалысына жіберілген.
XS
SM
MD
LG